литр жетіп артылады. Оның үстiне бүгiн Қазақстанда
сатылымдағы сыраның сапасын ешкiм де дөп басып ай-
тып бере алмайды. Және оған бар сыраның 30 пайызын
шетелдiк сыраның жаулап алғанын қосыңыз. Өзiмiздегi-
нiң жайынан мақұрым бiздер өзге елден келген сыраның
мiнезiн қайдан бiлемiз?
Жалпы сырақорлықты ауыздықтау үшiн жасалған
ең қатал заңдар Ислам елдерiнде. Бiрiккен Араб
Әмiрлiктерiнде көшеде, жағажайларда сыра iшкенi үшiн
айып салынады, тiптi түрмеге де жабылады. Осыған ұқсас
заңдар Сауд Арабиясында да қалыптасқан. АҚШ-тың
бiраз штаттарында да қоғамдық орындарды сыраханаға
айналдырудан қорғайтын заңдар жұмыс iстейдi. Осы
тектес шектеулер Австралияда 1992 жылы «Алкогольді
акт» арқылы қойылған. Осы заңнама бойынша арнайы
сыра iшу үшiн жасақталған орындардан басқа жерлерде
iшуге тыйым салынған. Заңға бағынбағандар ірі көлемде
ақшалай айыппұл төлейдi. Еуропа елдерiнiң бiразы
iшкенiң үшiн емес, өзiңдi дұрыс ұстай алмағаның үшiн
айыптайды. Ұлыбританияда 1985 жылдан бастап футбол
матчтары өтетiн жерлерде және пойыздарда сыра iшуге
тыйым салынды. АҚШ-та кәмелетке толмағандарға ал-
коголь, оның iшiнде, сыра сатуға тыйым салынған, ал
оларда кәмелеттiк жас – 21.
Ал біздегі жағдайға келер болсақ, саябақ толған
сыраның бөтелкесi. Бөтелке үшiн де уайымдайтын ештеңе
жоқ. Себебi, бөтелке қанша көп болса, сол үшiн жаға
жыртысып қалып жататын «бомждар» да көп. Ал бiздiң
заңымыз саяжай, саябақтарда сыра iшпе деп тыйым са-
лып жатқан жоқ. Жасы да, кәрiсi де балалардың көзінше
сыраны сылқытып ішіп, жүре береді.
66
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет