Previous Page  67 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 152 Next Page
Page Background

Арақ жайында жазылған көне қисса

О

сыдан мың жыл бұрын көне шағатай тілінде

жазылған «Қиссас-ул әнбия» атты кітап бар.

Осында арақтың адамға кері әсер ету ерекшеліктері

баяндалған. Кітапта арақ-шараптың зауалын былай баян-

дайды:

«

Бірінші сипат

– арақ адамның алғашында көңілін

көтеріп, көкірегіне кең сарай ашады. Қан тамырына ыстық

нәр жүгіртеді. Реңі түрленіп, сөзі түлейді. Жан-жағына

масаттана қарап, сезімі құлпырады, сұлу сөзді суша са-

пырады. Бұта басында отырып сайраған бұлбұл құсқа

айналады.

Екінші сипат

– біраз уақыт өткеннен кейін арақ басы-

на теуіп, өзінен-өзі ыржалақтып күле бастайды. Іс-әрекеті

мен қимыл-қозғалысы үйлесімін жоғалтады. Ең бастысы,

жүзіндегі ұяты сөнеді, жүрегіндегі ары өшеді. Бұлғақтап-

қылжақтап маймылға айналып шыға келеді.

Үшінші сипат

– арақ жүрегіне шабады. Сондағы шай-

тани нәпсіні түртеді. Ол дереу қанды қуалап тұлабойын

қыздырады. Миында хайуани жыртқыш сезімдер оянады.

Бір сәтте арыстанға айналып шыға келеді. Маңайындағы

адамдар ақ қоян, көк қоян сияқты көрініп түгелдей үкімін

жүргізгісі келіп, айбат шегеді. Ақырып-бақырады, ғайбат

айтып лағынет қамытын киеді.

Төртінші сипат

– осының бәрін өткізіп болып

соңында есінен танып, құлап балшықта аунап жатады.

Бұл ең төменгі доңыз-шошқа сипатына айналғаны».

Иә, көне кітап осылайша арақтың аз уақытта-ақ адам-

ды аңға айналдыратынын тамаша баяндаған.

67

Апатқа апарар үш індет

АРАҚ