Маскүнемдік –
үлкен дерт
О
рыстың ұлы жазушысы
Л.Н.Толстой
алкоголь
туралы былай деп жазған бола-
тын: «Арақ – адам есін жояды,
ұятын қашырады, арамдыққа
және қылмысқа итермелейді».
Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды
аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершілік-
тен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе.
Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін улан-
дырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан
алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы,
қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы
осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның ру-
хани байлығы азаяды, есіл-дерті тек араққа ғана ауады.
Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашар-
латып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін
тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әртүрлі
қауіпті ауруларға ұрындырады (цирроз, созылмалы ба-
уыр ауруы, өкпе экземасы, стенокардия, полиневрит, т.б.).
Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ неме-
се бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау
қабілетін 17 пайызға төмендететінін дәлелдеген болатын.
Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының
балалары да алкогольге бейім келетін болса, маскүнем
аналардан туған нәрестелердің 12 пайызының миы дамы-
май, жарымес болып қалады.
68
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет