Previous Page  69 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 152 Next Page
Page Background

Халифа Осман ибн Аффаннан

ғибратты хикая

А

дамзаттың асыл тәжі ардақты пайғамбарымыз-

дың (с.ғ.с.) сахабасы, халифа Осман ибн Аффан

ғибрат болар мына бір хикаяны баяндаған екен: «Сендер,

арақтан аулақ болыңдар! Арақ – барлық жаманшылықтың

атасы. Ертеде бір тақуа адам өмір сүріпті. Күндердің

бірінде ниеті бұзық бір әйел әлгі адамға көңілі ауады.

Қоластындағы күңін жұмсап әлгі адамды үйіндегі бір

ісіне көмекке шақырады. Ол кісі көмек беруге келісіп,

әйелдің үйіне келеді. Келген замат әйел тақуа кісіні үйге

кіргізеді де, күңіне айтып, үйді сыртынан бекітіп тастай-

ды. Бастапқыда не болғанын түсінбей дағдарған тақуа кісі

сәлден кейін мән-жайды түсіне бастайды. Сол кезде ба-

рып, үйдің ішінде бір сұлу әйелдің отырғанын, жанында

кішкене бала мен бір құмыра арақ тұрғанын байқайды.

Әлгі әйел оған: «Саған үшшарт қоямын. Менімен көңілдес

боласың, бұған келіспесең мына баланы өлтіресің, ал

бұған да келіспесең, мына тұрған арақты ішесің» – дей-

ді. Әрі бері ойланып, ешбір амал таппаған әлгі кісі ақыры

бір кесе арақ ішіп құтылуды жөн көреді. Арақты ішкен-

нен кейін қыза бастайды да, әйелдің құйып берген тағы

бір кесесін ішіп жібереді. Бірнеше кесе ішіп мас болған

соң, нәпсісіне ие болмай, әйелмен зина жасайды. Сонан

осының бәріне куә болған жас сәбиді де өлтіріп тынған

екен». Осылайша хикаяны айтып бітірген халифа: «Иман

болған жерде арақ, арақ болған жерде иман болмайды», –

деген екен.

69

Апатқа апарар үш індет

АРАҚ