Адамсүйегініңорганикалық
өзгеріске ұшырауы салдарынан
остепороз ауруы туындайды.
Алкогольдің
салдарынан
өзіне - өзі қол жұмсау, улану,
өртке шалдығу секілді мезгілсіз
өлім оқиғалары орын алады.
Алкоголь салдарынан адам
физиологиясындағы ауытқулар:
балалар мен жасөспірімдердің
ішкі және сыртқы дене мүше-
лерінің кемістігі, жарымжан
болу, ақыл-есінің кем болуы т.б. орын алады.
Маскүнемдіктің клиникалық көріністері неврология-
лық, психикалық, соматикалық тұрғыдан адамды
мазалайды. Адамда ашушаңдық, беймазалық, үнемі
қорқыныш пен үрейдің билеуі, қызғаншақтық, секем-
шілдік, түсініксіз ойлардың мазалауы т.б. құбылыстар
пайда болады. Еңбекке қабілеттілігі күрт төмендейді.
Бұзақылыққа әуестік пен гигиеналық салақтық пай-
да болады. Өзін-өзі төмен санайды. Өзіне қол жұмсауға
дейін барады. Депрессия, эпилепсия, энцефалопатия,
ұйқысыздық, түсінде шошу мен мазасыздық белең алады.
Сонымен қатар, артериялды гипертония, ішімдік салда-
рынан болатын кардиомиопатия, өт жолының, бауырдың
зақымдануы, асқазан аурулары (язва, гастрит, дуоденит,
Эллисон синдромы, он екі елі ішек жарасы т.б.), миопатия,
подагра, шамадан тыс семіру, эндокриндік ауытқулар,
анемия, міне, мұның барлығы алкоголь қолдану салдары-
нан туындайтын аурулардың бірқатары.
75
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ