Previous Page  78 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 152 Next Page
Page Background

Этил спиртін қабылдаушы адам-

дардың 60-80 пайызында бауырдың

майлануы байқалып, маскүнемдердің

30-70 пайызы гепатит ауруларына тап

болады.

Алкогольдің асқорыту мүшелері мен

зат алмасуына зияны

«Алкоголь астың қорытылуына және

сiңiрiлуiне пайдалы» деген қаңқу сөз

бар. Бұл мүлдем қате түсінік. Алкоголь

ас қорытуға керісінше зиянды. Өйткені, алкогольдың

қай түрі болмасын ас қорытуды баяулатады. Алкоголь аз

концентрацияда (3-20%) асқазан сөлінің бөлінуін (әсіресе

тұз қышқылы) арттырады, асқазанның сілекей қабатын

тітіркендіреді. Сілекей гиперпродукциясы байқалады.

Бұл кезеңде этил спирті гистамин мен гастирт бөлінуін

арттырады. Алкоголь жоғары концентрацияда 25-60

пайызға асқазан сөлі бөлінуін тежеп, күйдіруші әсер

мен компенсаторлы сілекей бөлінуі артып, телорос-

пазм шақырады. Созылмалы маскүнемдікте алғашқыда

эрозивті гастрит, кейін асқазан бездерінің секреторлы

функциясы түгесіліп, созылмалы атрофиялық гастрит,

ішекте аминқышқылдары мен В1, В6, В12 , С, Д, фо-

лий қышқылы сіңірілуі бұзылады. Ішпейтін адамдарға

қарағанда маскүнемдерде «Helicobacter pylori» жиі

анықталады. Асқазан рагы мен спиртті жиі қолданудың

этиологиялық байланысы бар. Аса күшті емес алкоголь-

дік ішімдіктерді әр кезде бір, сирек қабылдау ішімдіктің

құрамындағы заттардың ерекшелігіне қарай іш өтуге де

ұрындырады.

78

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет