Алкоголизмнің емі
М
аскүнемдерді емдеу-сауықтыру – өте қиын
шаруа. Мұның басты себебі – көптеген
маскүнемнің өзінің ауру екендігін мойындамауынан
туындайды. Маскүнемдердің келесі бір тобы денсаулығы,
отбасы, мамандығынан түгелдей күдер үзгендіктен
өмірінен түңіліп кеткен. Мұндай жандар емделуді
қажетсінбейді де. Өйткені, өмірін қайта жөнге салаты-
нына сенбейді. Тағы бір маңызды себеп – маскүнемдер
ішімдіктің ләззатынан оңайлықпен бас тартуы қиын.
«Бас тарттым» деген күннің өзінде шешімінен айнып,
тайқып шығатын жайлар өте жиі кездеседі. Осы фактор-
ларды қаперге алсақ, кез келген маскүнемнің түзелуінің,
қайтадан адам қатарына қосылуының ең басты қадамы
өзінің ауру екенін мойындаудан басталады.
Маскүнемдікті емдеу-сауықтыру шаралары физио-
логиялық, психологиялық және қоғамдық сипатта жүзеге
асады. Көп ретте физиологиялық ем психологиялық емге
қосымша түрде жүргізіледі. Маскүнемдікті емдеуде пси-
хотерапия кеңінен қолданылатын әдіс екендігін атап
өткен жөн.
84