«Ішкіліктен сақтаныңдар, ол – барлық жамандықтың бас-
тауы»,– деп бекер айтпаса керек. Бал араның ұясындағы
күзетшi аралар жаман гүлдерге қонған араны ұяға кiргез-
бейдi екен. Сол секілді аузынан арақ кетпеген жандардың
да ақыретте игілікке кенелуі қиын. Кеудесінде иманы
бар адам исламның ішкілік туралы ескертпелерiне құлақ
асып, Аллаһ Тағаланың қаһарынан сақтанғаны жөн.
Исламда ішкілік бірден тыйым салынбаған. Ішкілік-
ті харам қылған аяттар бірте-бірте түсіп, һижреттің
үшiншi жылында ғана үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Бастапқыда Құран аяттарында iшкiлiктiң зияндылығы
туралы көбірек айтылады. Мәселен, «Олар сенен iш-
кiлiк пен құмар ойнаудың үкiмiн сұрайды. Сен: «Оларда
үлкен күнә және адамдарға пайда да бар, алайда оның
күнәсi пайдасынан тым зор», – деп айт» («Бақара»
сүресі, 219-аят) деген аятта ішкілік ішуге үзілді-кесілді
тыйым салынбағандығы аңғарылады. Осы аят түскеннен
кейiн, мұсылмандардың көпшілігі iшкiлiктi тастайды.
Алайда бірқатар мұсылмандар «пайдасы да бар» деген же-
леумен iшкiлiкті біржолата тастап кете алмады. Осындай
сахабалардың бірі Абдуррахман ибн Ауф бiр күнi кешкi
асында шарап iшiп, кейiн ақшам намазында имамдыққа
өтеді. Намазда «Кәфирун» сүресiндегi «Сендер (кәпiрлер)
құлшылық еткен нәрселерге құлшылық етпеймiн» –
деген жерде iшiмдiктiң әсерiмен «Сендер (кәпiрлер)
құлшылық еткен нәрселерге құлшылық етемiн» – деп,
қате оқиды. «Кәфирун» сүресінде төрт жерде «етпей-
мiн» деген мағынаны білдіретін «лә» шылауын оқымай
тастап кетеді. Осылайша аяттың мағынасы өзгеріп шыға
келеді. Міне, осы оқиғадан кейін, «Ей, мүминдер! Не
айтып жатқандарыңды бiлмейiнше мас күйде намазға
жақындамаңдар!» («Ниса»сүресі, 43-аят) деген ішкілікке
қатысты келесі аят түседі.
88
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет