едәуір азайған. Дегенмен ауыр
қылмыстардың
көпшілігі
алкогольдің салдарынан бола-
ды. Мәселен, Қазақстандағы
№ 10/166 еңбекпен түзеу меке-
месінде жазасын өтеп жатқан
800-ден астам адамның 60
пайызы ауыр қылмыс жаса-
ушылар, бір сөзбен айтқанда, 20
жылдан жоғары жаза алғандар.
Осылардың 75 пайызы – адам өліміне қатысқан және
барлығы бірдей мас күйде қылмыс жасағандар. Осын-
да жазасын өтеп жатқан 75 жастағы қария бар көрінеді.
Ақсақал арақ ішіп келіп, көп жыл отасқан кемпірін балта-
мен шауып тастаған.
Ішкі Істер министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек,
2006жылыреспубликабойынша1759адамөлтіруқылмысы
жасалған. Осының 30 пайызы мас күйде жасалғандығы
анықталған. Тұрмыстық-отбасылық жанжалдан туындай-
тын адам өлтіру қылмыстары түгелдей дерлік мас күйде
жасалатын көрінеді. Мұндай адам өлтіру оқиғаларының
50 пайызы ұрыс-керіс, 10 пайызы қызғаныш салдарынан
туындайтын көрінеді. 2005-2007 жылдар аралығында
республика бойынша 55962 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт
салдарынан 1932 адам өлсе, оның ішінде, 1138 адам алко-
гольді ішімдік салдарынан туындаған өрт оқиғаларында
қайтыс болған. Ішкі Істер министрлігінің арнайы емдеу-
сауықтыру мекемелерінде республика бойынша 300
мыңнан астам маскүнем тіркеуде тұр. Бұның ішінде
128 мыңы – араққа әбден салынып кеткендер. 38 мыңы
отбасы-тұрмыстық жанжалдар шығарғандар көрінеді.
91
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ