Previous Page  95 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 152 Next Page
Page Background

беру тұрғысынан нәзік жандылардың ерік күші ерлерге

қарағанда әлсіз келетін көрінеді.

– Әйелдер ерлерге қарағанда тез алкоголизмге бой

ұрады. Мамандар мұның бірден-бір себебі ретінде әйел

ағзасындағы су мөлшерінің ерлерге қарағанда 10 пайызға

аз екендігімен түсіндіреді. Сондықтан да ұдайы ішімдік

ішкен әйел 1 жыл мен 3 жыл аралығында-ақ алкоголизмге

толықтай жеңіліп, маскүнемге айналады. Ал ерлердің ал-

коголизмге шалдығу көрсеткіші 5-10 жыл шамасында.

– Әйелдер арасындағы алкоголизмнің соңғы «ас-

қынған» стадиясы ерлерге қарағанда тез басталады.

Сонымен қатар, асқынған алкоголизмге ұшыраған

әйелдерде кісілік мәселелері ушығып, психикалық

ауытқулар пайда болады.

– Әйелдер арасындағы алкоголизмнің әлеуметтік сал-

дарлары ерлерге қарағанда аса ауыр болады. Асқынған

алкоголизм жағдайында әйелдің интеллектуалдық

қабілеті мүлдем төмендеп кетеді. Психикасы өзгеріп,

ашушаңдық, адуындық мінез-құлық пайда болады.

Моральдық тұрғыдан азғындап, теріс жолға түсу қаупі

артады. Мамандар мұны – әйел кісілігінің алкогольдік

деградациясы деп атайды. Әйелде кісілік деградациясы

басталған шақта ар-ұяттан жұрдай болып, жақындарынан

бастап, тұтас қоғамның ызасына тап болады. Өйткені ер

адамның маскүнем болуына белгілі бір деңгейде адам-

дар төзімділік танытады, алайда әйелдердің маскүнем

болуына ет жақындарынан бастап, тұтас қоғам жиреніш-

пен қарап, маскүнем әйелдерді айыптайды. Сондықтан

болса керек, әйелдер арасындағы асқынған алкого-

лизм жағдайларының көбі өзін-өзі өлтіру оқиғаларымен

аяқталады.

95

Апатқа апарар үш індет

АРАҚ