Жастар арасындағы алкоголизмге
қарсы күрес
С
алауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
ұлттық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек,
Қазақстан халқының 45,4 пайызы аптасына 1-2 рет алко-
гольді сусындарды тұрақты ішетін көрінеді. Ал спиртті
ішімдіктерді тұтынуда жастар арасындағы көрсеткіш
төбе шашты тік тұрғызатындай қорқынышты. 20-29
жас аралығындағы жастардың 64,4 пайызы, 15-17 жас
аралығындағы жастардың 37 пайызы тұрақты түрде
ішімдік ішетін көрінеді. Ал 500 мыңға жуық Қазақстан-
дық маскүнемдікке салынған немесе түрлі деңгейде
алкоголизмге бой ұрған.
Елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру,
маскүнемдікке қарсы күрестің заңдық-базалық пәр-
менділігін арттыру бағытында бірқатар игі іс-шаралар
атқарылуда. Мәселен, 2009 жылдың қыркүйегінде арақ-
шарап өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салатын
заң қабылданды. Жаңа құжат «Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс» деп аталады. Бұл
97
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ