Алкоголь және жол апаты
М
ас күйінде машина жүргізу – жол апатының
ең басты себебі. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, жол апа-
ты жағдайларының басым бөлігі ішімдіктің кесіренен
көрінеді.
Жүргізуші үшін алкоголь орталық жүйке жүйесінің
жансыздануына анестезия сияқты әсер етеді. Алкогольді
пайдаланған адамдардың шешім қабылдау қабілеті, назар
аудару және рефлекс жылдамдығы азаяды. Қандағы алко-
голь мөлшері артқан сайын, есте сақтау қабілеті азайып,
жол апатына ұшырау ықтималдылығы арта түседі.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2002-2007
жылдар аралығында республика бойынша мас күйде 4833
жол-көлік апаттары орын алып, 977 адам қайтыс болса,
7027 адам жарақат алған.
96
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет