Previous Page  92 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 152 Next Page
Page Background

Арақ ішіп отбасында ойран

салудың жазасы

І

шімдіктің кесірінен туындайтын тәртіп бұзу

оқиғаларының қомақты бөлігі отбасы ішінде жа-

салады. Араққа сылқиып тойып алған маскүнемдер

жанұясының шырқын бұзып, ұрыс-жанжал жасайды,

жанұясындағыларды сабайды. Осындай келеңсіздіктерді

тізгіндеу мақсатымен 2007 жылы «Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы» кодекстің 79-5 бабына қосымша

5 тармақ енгізілді. Ендігі жерде отбасында жанжал

шығаратын, маскүнемдікке салынып, үй ішінің береке-

сін алатын жандар осы тармақта белгіленген жаза арқылы

бірден жауапқа тартылады. Бұрынғы «Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы» кодексте мұндай жазалау тетігі

жоқ еді. Себебі, отбасында жанжал шығарған жанды

қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін бума-бума құжат

жинауға тура келетін. Қазіргі заң бойынша, отбасындағы

біреу арызданса болғаны, кінәлі жан бірден әкімшілік не-

месе қылмыстық жауапқа тартылады. Осының арқасында

бүгінде ішімдіктің қызуымен тұрмыстық жанжалдарға

байланысты орын алатын тәртіп бұзушылық және

92

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет