қылмыстарсаныкүрт төмендеді. Ішкі Істерминистрлігінің
мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың алғашқы бес айы
ішінде ғана екі мыңның үстінде адам қамауға алынып,
тиісті жазаға тартылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң бойынша
маскүнемнің отбасының кез-келген мүшесінің ар-намы-
сына тиюі, былапыт сөз сөйлеуі, сөзбен қорлауы, тиісуі,
кемсітуі, үй заттарына зақым келтіруі, үй-ішінің шырқын
бұзатын кез-келген әрекеті үшін үш айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады неме-
се 10 күн әкімшілік қамауға алынады. Ал егер маскүнем,
отбасы мүшелерін сабау, ұрып-соғу, денсаулығына жеңіл
дәрежеде болсын зақым келтіру секілді әсіре әрекеттерге
баратын болса, қылмыстық жазалау заңдары шегінде
қатаңырақ жазаға тартылатын болады («Қазақстан Рес-
публикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі,
№255, 79-5 бап, Астана, 2007).
Әйелдер арасындағы алкоголизм
аса қауіпті
М
амандар әйелдер ара-сындағы алкоголизмнің
әлеуметтік, психологиялық және медициналық
жағынан ерлерге қарағанда әлдеқайда қауіптірек екен-
дігін алға тартуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
жөніндегі ұлттық орталықтың мамандары соңғы үш жыл-
да маскүнемдікке салынған әйелдердің саны 14,7 пайызға
артқанын алға тартады. Тек қана Алматы қаласының
наркологиялық орталығында 5 мыңнан астам маскүнем
әйел тіркеуде болса, мұның 500-ге жуығы кәмелетке
толмаған қыз балалар көрінеді. Негізінде, маскүнем
әйелдердің санын дөп басып анықтау мүмкін емес.
93
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ