кешенді іс-шаралар атқаруы. Мұндай елдерде салауатты
өмір салтын енгізуге мемлекет миллиардтаған қаржы
жұмсайды. Арақ-шарап өндірушілері өз табыстарының
қомақты бөлігін ішімдік салдарынан туындайтын ауру-
сырқауларды емдеу-сауықтыру шараларына бөледі.
Салауатты өмір салтын дәріптейтін қоғамдық ұйымдарды
мемлекет қаржылай және саяси тұрғыдан барынша
қолдайды. Мұндай елдердің қатарына Германия, Голлан-
дия, Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, Швейцария
т.б. жатады.
5. Еуразиялық модель.
Мұндай елдердің санаты-
на ТМД елдері, Шығыс Еуропаның бірқатар елдері және
ішінара Латын Америка елдерінің бірқатары жатады.
Бұл модельдің басты ерекшелігі – ішімдікке қарсы күрес
қауқарсыз немесе қағаз жүзінде ғана қалатын науқандық
шаралар болуы. Ішімдікті дәріптейтін салт-дәстүр және
менталитет салдарынан халық ішімдікке құмар келетін-
діктен, мемлекет тарапынанжасалатын бағдарламалар яки
заңдардың орындалуы мардымсыз қалып отыр. Мұндай
елдерде жылына жан басына шаққанда алкогольді ішімдік
тұтыну мөлшері 25-30 литрге дейін барады. Бір өкініштісі,
біздің еліміз де осы модельге жататын көрінеді.
АЛКОГОЛЬ ТҰТЫНУ
жан басына шаққанда
жылына, литр:
101
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ