Previous Page  72 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 152 Next Page
Page Background

майтын жағдайға жетеді. Мұндай жағдайға жеткенде

айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы мүлдем

бұзылады. Жеке өмірінің мәні мен сәні қашады. Ішімдікті

тоқтаусыз қолданғандықтан, қызмет орнында бітпейтін

мәселелер басталады. Тіптен көп жағдайда жұмысынан

айырылады. Мұндай жандарға ешбір жерде жауап-

ты қызмет берілмейтіні түсінікті жағдай болса керек.

Маскүнемге айналған жан үшін ішімдік ішу өмірінің

ең маңызды ісіне айналады. Айнала жұрттың пікірлері

мұндай жан үшін екінші кезектегі мәселеге айнала-

ды. Тіптен айналасындағылардың не ойлайтынына бас

қатырып жатпайды. Мұндай жанның алға қойған өмірлік

мақсаты болуы мүмкін емес. Ішкілік ішуден басқа ешбір

істі атқаруға зауқы соқпайды. Жанұясымен, жақын-

жұрағатымен қарым-қатынасы күрт нашарлап, қоғамнан

оқшаулана бастайды. Жол апатына ұшырайтындардың

көбісі – ішімдік қолданғандар. Сонымен қатар, ішімдік

қолдану міндетті түрде адамды түрлі қылмыстарға итер-

мелейтін басты фактор екені белгілі. Міне, осылайша

маскүнем тек өзін құрдымға батырмай отбасынан бастап

тұтас қоғамның маңдайына біткен сорға айналады.

72

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет