Previous Page  64 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 152 Next Page
Page Background

деген лақап тақты. Өйткені, сыра ішу – түрлі жүрек

ауруларының ұйтқысы екенін дәлелдеді. Сыра құрамында

ағзаға өте зиянды, көбікті тұндыратын кобальт қоспасы

бар екенін анықтайды. Сыра қолданатындардың қан та-

мырларында осы бір токсинді қоспа қалыпты мөлшерден

он есе көп көрінеді. Сонымен қатар, кобальт қоспасының

ағзадағы зат алмасудың бұзылуына және асқазан аурула-

рына шалдықтыратынын атап өткен жөн.

Сыраның құрамында көмірқышқыл газы көп

мөлшерде болатындықтан, адам ағзасына ене салысымен,

қан тамырларға көп күш түсіреді. Осының нәтижесінде

қан тамырларында варикозды кеңею орын алып, жүрек

көлемі ұлғаяды. Мамандар мұны «жүректің сыра син-

дромы» немесе «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп

атайды. Өйткені, жүректің қанды айдауы күрт нашарлап,

жүрек еті босай түседі.

Жалпы көпшілік «сыра ішіп алқаш бола қоймаспыз»

дейді. Бұл мүлдем қате түсінік. Дәрігерлер асқынған

маскүнемдікке ұшырауда «қуаты жоғары» спирт-

ті ішімдіктерге қарағанда сыра 4 есе қауіптірек екенін

дәлелдеген. Сонымен қатар, сыраның мастығымен адам

мінез-құлқында қатігездік артатыны анықталған. Сыра

ішу салдарынан мидағы жасушалардың өлуі арта түсіп,

адамның ақыл-ой, шығармашылық қабілеттері мүлдем

төмендеп кетеді. Қала берді бауыр циррозы, гепатит, пан-

креатит, гастрит, невропатия, көру және есту қабілетінің

нашарлауы секілді түрлі дертті асқындыра түседі.

Сырақорлыққа қатысты жасалған соңғы зерттеулер

көрсеткендей, адам санасын улайтын заттар арасында

алкоголь ең қауіптісі болып отыр. Ал сыра алкогольді

өнімдер арасындағы ең қауіпті ішімдік. Өзге ішімдік-

терге қарағанда сырақорлық адамдағы агрессиялық

мінез-құлықты қатты арттырады. Сондықтан да болар

64

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет