сыраның көптiгiнен көз сүрiнедi. Буыныңды босатып,
санаңды улап алатын осы сусын жұрт ойлағандай бейкүнә
емес. Оны уақыт пен ғылым дәлелдеп отыр. Ең қауіптісі
– жастардың бұл сусынға үйір екендігі. Жас ағза сыраға
үйренетiнi соншалық – сыра алкоголизмi деген ауру да
бар қазiр. Сыра алкоголизмінің денсаулыққа келтіретін
зардабы шаш етектен екені баяғыда-ақ дәлелденген. Алай-
да құрамында спирт мөлшері аз болғандықтан, көпшілік
жұртосыбіркеселді сусынныңзияндарынелеп, ескеребер-
мейді. Мәселен, ХІХ ғасырда ағылшындар алкоголизммен
күресу барысында «қуаты жоғары» ішімдіктерді сырамен
алмастыру арқылы мәселені шешуді ойлады. Алайда,
көп ұзамай-ақ «сыра туралы заңды» қайта өзгертуден
басқа шара қалмады. Өйткені, мәселе бұрынғыдан бе-
тер ушығып, қоғамда маскүнемдер саны күрт артты. Ал
Германия канцлері Бисмарк ұлт болашағы үшін сыраның
орасан зиянын байқап: «Сырақорлық нақұрыстыққа,
жалқаулыққа және белсіздікке (импотенция) апаратын
қоғамдық індет» – деген болатын.
Шамадан тыс сыра ішу, әсіресе, жүрекке зиянды.
Неміс дәрігері Болингер сыра алкоголизмінен туындай-
тын жүрек ауруына қатысты «Бавариялық сыра-жүрек»
63
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ