Previous Page  60 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 152 Next Page
Page Background

Арақтан улану қасіреті

А

рақтан улану адам өміріне үлкен қатер төндіреді.

Арақтан уланған жан емдеу-сауықтыру ша-

раларынан кейін жазылғандай болғанымен, бәрібір

ерте ме кеш пе, міндетті түрде бауыр циррозы ауруына

шалдығып, адамның дүниеден ертерек озуына сеп бола-

тыны анықталған. Мәселен, көршілес Ресейде арақтан

уланған адамдардың саны орыс-шешен соғысында өлген

жауынгерлер санынан төрт есе көп көрінеді. Чешенстан-

да он жылға созылған соғыста қаза тапқан федералдық

әскердің саны 10 мың болса, 2008 жылы Ресейде бір жыл

ішінде арақтан уланып өлгендердің саны, ресми деректер

бойынша, 30 мың, кейбір ресми емес деректер бойынша,

40 мың адам екен. Ал елімізге келер болсақ, Қазақстан Рес-

публикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері

бойынша жыл сайын 100 мың қазақстандық сапасыз ар-

зан арақтан уланып ауруханаларға түседі екен.

Қазіргі таңда арақ өнімдері түгелдей дерлік спирт-

тен жасалады. Спирттің «техникалық» және «тағамдық

60

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет