А
тақты физик, академик И.П Павлов: «Адамдар
арақ-шарапты қуаныш үшін ішсе де, ол адам бала-
сына қуаныштан гөрі қайғы-қасіретті көбірек шеккізеді»,
– деген болатын. Алкоголь қолдану ешкімді де ұшпаққа
шығармайды. Дегенмен ішімдік, әсіресе, екіқабат неме-
се бала емізіп жүрген әйелдер үшін аса қауіпті. Өйткені
алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін
өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге ора-
сан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің немесе алкогольдің ұрпақ үшін
зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған. Ертедегі Рим
мемлекеті 30 жасқа дейінгі еркектер мен әйелдердің
арақ-шарап ішуіне тыйым салды. Себебі, ұрпақ дүниеге
әкелетін жастардың денсаулығының арақ-шараппен
уланғаны елдің болашағына қатер екенін түсінген еді.
Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ежелгі Русьте де
жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне
тыйым салынғаны белгілі. АлФранцияда орта ғасырларда
жарым-жан, мүгедек туған балаларды «жексенбі күні
көңіл көтеріп арақ-шарап ішуден пайда болған балалар»,
«көңіл көтеру кештерінің балалары» деп атаған.
Жатырдағы ұрықтың даму үдерісінде әке-шешесі
қолданған алкогольді өнімдердің улы элементтерінің
кері әсері өте үлкен болады. Ғалымдар өте аз мөлшерде
пайдаланылған спирттік ішімдік бір сағаттан кейін-ақ ер-
лер мен әйелдердің қанынан байқалатынын дәлелдеген.
Ана құрсағындағы сәби қоректік заттардың денін анасы-
ның қаны арқылы алады. Ал алкогольдік ішімдіктер ең
бірінші адам қанын улайды. Алкоголь әке-шешесінен қан
арқылы балаға даритындықтан, баланың дене бітімі мен
ақыл-есінде көптеген кемшіліктер мен ауытқушылықтар
туындайды. Алкоголь әке-шешенің қанына қаншалықты
56
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет