арақ
ішу адамды қарызға батырып, абыройдан жұрдай
қылады;
арақ
– адамның тапқан-таянғанын судай сыпырып,
ысырапқорлыққа душар қылады; бала-шағаның несі-
бесін жалмайды;
арақ
ішуерменәйелдіарсыздыққажетелеп,зинақорлыққа
апарады;
арақ
– адамды берген уәдесін орындамайтын опасызға
айналдырады;
арақ
ішкен адамжанұясымен балалары алдында, қызмет
орнында, дос-жаран, ағайын-туыс алдында қашанда
қарабет болады;
арақ
– адал достардың арасына жік түсіріп, араздасты-
рады;
арақ
ішкен адам айналасына былапыт, балағат сөздер
айтып баршаның жиренішін тудырады.
арақ
ішу еркекті белсіздікке ұрындырады;
арақ
ішу төрт мүшесі түгел адамды мүгедек, жарым-
жан етіп, денсаулықтан айырады; арақ адамды жасынан
бұрын қартайтады;
арақ
– өсек, өтірік, ғайбат айтқызады;
арақ
ішу ынтымақ-бірлікті, татулықты бұзады, адамдар
арасына дұшпандық әрі кек салады;
арақ
ішу жатып ішер жалқаулыққа душар қылады;
арақ
– досқа – күлкі, дұшпанға – таба қылады;
арақ
ішу – көз жанарынан айрылуға сеп болады;
арақ
ішкен жан дос пен дұшпанды ажырата алмайтын
халге жетеді;
арақ
ішу кез келген жанның отбасын ойрандап,
шаңырағын ортасына түсіреді;
арақ
ішу – жетімдер мен жетесіз ұрпақты көбейтеді;
арақ
ішкен жанның басынан уайым-қайғы бұлты сейіл-
мейді;
53
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ