

салдарынан қаншама ұлт пен мәдениет азғындыққа
ұрынып, жер бетінен жойылып кеткені тарихтан мәлім.
Бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елінде де осынау әлеумет-
тік індеттің тамыры тереңдеп бара жатқаны өзекті
өртейді. Алкогольді ішімдік салдарынан қаншама өмір
қыршынынан қиылып, қаншама жанұяның шаңырағы
құлап жатқанына жан-жақты тоқталатын боламыз.
Алкоголь апатқа апарады
Арақ осы қай адамды бай қылған,
Талайларды түзу жолдан тайдырған.
«Қайран жұртым қайда барып тоқтар?!», – деп,
Құнанбайдың баласы да қайғырған.
Арақ ішсең кімге сыйлы боласың,
Мас адамның құны төмен маймылдан?!
Ішіп алып, үсіп өлсең, ұл-қызың
Өлігіңді тауып алады қай қырдан?!
(Арман Бердалин)
С
пирттік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдала-
ну бауырдың, жүректің, жүйке жүйесінің ауыр
зақымдануына алып келеді, жыныстық қатынас арқылы
жұғатын аурулармен ауыру мүмкіндігі күшейеді.
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын кеселдердің 70
пайызы алкогольдік мас болу күйінде жұқтырылатыны
анықталған. Алкогольдің әсерінен бедеулік қаупі пай-
да болады және ұрпақтың дене бітімі мен ойлау қабілеті
дұрыс жетілмейді.
48
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет