Previous Page  43 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 152 Next Page
Page Background

Темекі

Тез баурайтын көрікті де емессің,

Күштілерді әлсіретіп жеңесің

Досым маған сені мақтап бастаса,

Қарсы тұрып досыммен де егестім.

Қанды бойлап, саналарды улайды,

Адамзаттың бар байлығы қурайды.

Сенен ғана шығатын көк түтіннен,

Дені мықты, ақылды жан тумайды.

Қара көзді қыздарды да баураған,

Сенің жақсы қасиетің қалмаған

Ауызынан құрбылардың көргенде,

Мені мазақ еткендейсің, арланам!

Біреулерге сырласындай жақынсың,

Мәселені шешуге де батырсың

Сені өмірге алып келген сол кәпір,

Қазағымның аяғына бас ұрсын!

Шылым шегіп шүйіретін мұрынын,

Аяймын тек адамзаттың қыз-ұлын.

Қас-қағым боп өтетұғын онсыз да,

Уайымдадым қысқаратын ғұмырын!

Керім Ақын