болады? Бұл мәселеге қатысты аймақтық деңгейде ана-
лардан құралған бірқатар қоғамдық қозғалыстар белсенді
шараларға мұрындық болуда. Олар жасөспiрiмдерге те-
мекi саудасын жүргiзбеу үшiн сауда-саттық орындарын
бақылап, мәлiмдеудi өз жауапкершiлiгiне алмақ. Мұндай
бастамалар жалпы қоғамның, әсiресе, сатушылардың
ақпараттандырылу деңгейiн көтередi, темекi саудасына
байланысты заңнамалық шектеулер мен оларды бұзған
жағдайда қандай жазалау шаралары бар екендiгi туралы
мәлiметпен таныс болады.
«KeyPoints» тәуелсiз маркетингтiк компанияның зерт-
теулерi көрсеткендей және сатушылардың айтуынша,
балалардың темекiнi даналап сатып алуына тиiстi орган-
дар тарапынан қатал бақылаудың жетiспеушiлiгi себеп
болып отыр. Бiрақ бұл орайда сатушылар өзiн жауапты
деп санамайды және көбiне олар “шылым шегуге қарсы”
деген тапсырма болғанның өзiнде, жасөспiрiмдерге темекi
саудасын тоқтатпайды. Осылайша, жасөспiрiмдердiң 26
пайызы темекiнi дүңгiршектерден (киоск), 25 пайызы кiшi
дүкендерден және 15 пайызы азық-түлiк дүкендерiнен
сатып алады екен. Жасөспiрiмдердiң өз сөзi бойынша
сатушылардың 5 пайызы ғана темекi сатудан бас тартады.
Сәйкесiнше, оның 95 пайызы кез келген себептермен сау-
дасын жалғастыратын көрiнедi.
Ұйымдастырушылардың
пiкiрiнше,
жеткiншек-
тер арасында шылымға қарсы күрестi дүңгiршектiң тап
қасында тұрып бастау қажет. 13-15 жастағыжасөспiрiмдер
арасындағы темекi шегушiлер саны – 12.1 пайызды
құрайды. Оның үстiне бұл үрдiс қыздар арасында да
белең алып бара жатқаны Қазақстанның демографиялық
мәселелерiне өте қауiптi көрiнедi.
Аналардан құрылған ұйым алдағы уақытта қоғамдағы
шешуiн таппай отырған мәселенi шешуге атсалыспақ.
39
Апатқа апарар үш індет
ТЕМЕКІ