Previous Page  35 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 152 Next Page
Page Background

қарсы күрестiң тағы бiр жобасын талқыға салды. Аталған

құжатта ЕОқұрамындағыелдерде темекi өнiмдерiне салы-

натын мемлекеттiк салықтар көлемiн шылымның бөлшек

саудадағы бағасының 67 пайызына дейiн өсiру керек-

тiгi айтылған. Басты мақсат: адамдардың денсаулығына

төнетiн қатердiң алдын алу және кәрi құрлықтағы барлық

елде темекiнiң бағасын бiркелкiлендiру.

Еуроодақ 2025 жылға дейiн темекi өнiмдерiн ашық

саудадан мүлде алып тастауды мақсат етуде. Ал Ресейде

мектептер мен колледждерде темекi тартқан мұғалiмдерге

үлкен көлемде айыппұл салынады. РФ Тұтынушылық

бақылау ұйымының жетекшiсi Геннадий Онищенко

жуырда Ресейдегi әлемдiк алпауыт кәсiпорындарды “ре-

сейлiктерге қарсы никотиндiк геноцид ұйымдастырды”

деп айыптап, сотқа шағымданатынын мәлiмдедi.

Батыстың көптеген елдерiнде қоғамдық орындарда

шылым тартуға заң жүзiнде тыйым салынған. Осы уақыт

аралығында кафе, бар, мейрамханалардың қожайындары

табатын пайда 10-15 пайызға қысқарса, жүрек пен қан

тамырлары ауруынан көз жұматындар саны 15 пайызға

азайған.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi

темекi өнiмдерiн жарнамалайтын насихаттық шаралар

толық әрi тұтас тоқтатылса, шылым шегетiндердiң саны

16 пайызға төмендейтiнiн көлденең тартады. Сондықтан

көшелерде, бұқаралық ақпарат құралдарынан (газет,

журнал, теледидар, радио, интернет сайттары, плакат-

тар мен билбордтар, қоғамдық көлiктердiң сырты т.б.)

никотиндiк өнiмдердi аластау өте маңызды. Сонымен

қатар түрлi халықаралық жарыстарда, әсiресе, жастар

мен жасөсiпiрiмдер қатысатын сайыстарға демеушiлiк

жасап, темекi өндiрушi кәсiпорындардың брэндтерiн

жарнамалауға да тосқауыл қою қажет.

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ

35