Темекіні қалай тастау керек?
Т
емекінің сансыз зиянын білетін ақыл-ойы дұрыс
адамның бірінші істейтін ісі – темекіні тастау
үшін жол іздеу. Темекіні біржолата тастап кету адамның
ерік-күшіне, сабыр-төзіміне, табандылығына тығыз бай-
ланысты. Өзіне-өзі бекем бола білетін, нәпсісіне билік
жүргізе алатын адамдарға темекіні тастап кету қиын
емес. Темекіні тастағысы келетін адам мына қағиданы
есінде ұстауы тиіс: «Ең мықты адам – өзгені емес, өзін-өзі
басқара алатын адам». Жалпы, темекіні бірден тастап кету
– қайратты адамдарға тән қасиет.
Мамандар темекіні тастағысы келген адамның
оны бірден тастап кетуі дұрыс болатынын алға тарта-
ды. Өйткені қандағы никотин деңгейі соңғы темекіден
кейін 30 минуттың ішінде ыдырап, тән қажетті дозасын
қайтадан талап ете бастайды. Сол кезде темекі тартпай
шыдау қажет. Шылымқор өзін-өзі осылай тежеп ұстаса,
3-4 күннің ішінде улы түтінге құштарлығы бәсеңдейді,
тіпті басылады.
Темекі шегетін
адамның өкпесі
Темекі шекпейтін сау
адамның өкпесі
30