Темекі тастаудың тәсілдері
Темекіні ермек етер – Түбіне өзі жетер.
Өзіне-өзі шарт қою арқылы
Темекіні біржолата қойғысы келетін адамдар өздеріне мы-
нандай шарттар қою арқылы да шылымды тастай алады.
1. Жұмыс уақытында, көшеде темекі тартпаймын;
2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын;
3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын;
4. Таңертең ашқарынға шылым шекпеймін;
5. Автокөлік жүргізіп келе жатқанда темекі тартпаймын.
Темекіні біртіндеп тастау
Кейбіреулер темекіні бірте-бірте қойғанды қалайды. Ол
үшін мамандар мынандай ақыл- кеңес ұсынады:
1. Темекінің маркасын ауыстырып, иісі мен дәмі жеңіл түріне
көшу қажет.
2. Бір тал темекіні қайшымен қырқып, үштен бір бөлігін ғана
тартыңыз.
3. Ауырған кезде адам ағзасы темекіні іздемейтіндіктен,
мұндай жағдайда мүлдем темекі тартпауға тырысыңыз.
4. Рамазан айында ораза ұстап, күндіз темекі шекпеуге
дағдылана отырып, Рамазан біткенге дейін темекіден
толықтай бас тартуға болады.
5. Темекіні қойып жүргеніңізде, оны іздей бастасаңыз,
ауызыңызға кәмпит немесе құрт сияқты тәтті, ащыларды
салып, соны ермек етіңіз.
6. Темекіні тастаған соң, денсаулығыңызды арнайы
күтімге алыңыз: жеміс-жидектер мен көкөністері мол
тамақты дұрыс пайдаланыңыз, дене еңбегімен көбірек
айналысыңыз.
7. Темекіні тастаған алғашқы мезгілде темекі тартпай-
тын дос-жаранмен көбірек араласуға, темекі тартатын
таныстарыңыздан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз.
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
32