Жастай шылымға үйренген балалар ұмытшақ келедi.
Нерв жүйесi зақымданған жасөспiрiмдердiң бiрте-бiрте
оқу үлгерiмi төмендейдi. Ұрысқақ, ашушаң болады. Қан
айналымы нашарлап, басы ауырып, көз жанары нашар
көретiн болады. Әр нәрсеге бейiм тұратын жасөспiрiмдер
бастапқыда ауыздан, мұрыннан түтiн шығаруды сән
көрiп темекі тартады. Сөйтiп жүрiп денесi уланып, одан
құтыла алмайтын халге жетедi. Жеткiншектер өздерi пiр
тұтатын адамдардың темекi шеккенiн көрiп елiктейдi.
Әсiресе, өнер жұлдыздары, даңқты адамдардың шылым
шегуi оларға қатты әсер етедi.
Шылымның будақтаған көк түтіні жас-жеткіншектер-
ді көктей солдырып барады. Елімізде кәмелетке толмаған
жеткіншектердің 48 пайызы темекі тартуды 15 жастан бас-
тапты. Мәлімет бойынша, 13-15 жасар жасөспірімдердің 18
пайызы темекіге тәуелді болса, соның 10 пайызы қыздар
екен. Мамандар: “Темекі алудың түк қиындығы жоқ, пай-
дасын ойлаған сатушылар тіпті, кішкентай балаларға да
шылым сата береді”,- деп дабыл қағып отыр.
Алматы қалалық наркология орталығының дәрігері
Күлімше Мырхадинова жасөспірімдер арасындағы
шылымқорлыққа қатысты былай дейді: «Мектепте 1728
балаға тестілеу жасағанбыз. Оның ішінде 82,4 пайызы 18-
ге дейін темекі шеге бастаған. Оның ішінде 18,3 пайызы
8-9 жасында бастапты. Ал қыздардың 33 пайызы темекі
тартады». Бұл өте сұмдық көрсеткіш. Ертең қайтып ел
болмақпыз?
Темекі компаниялары өз тауарларын көптеп тарату
үшін «Темекі – ересектердің таңдауы» тәрізді ұрандарды
пайдаланып, балаларды темекі тартып, тезірек «ересек»
болуға жасырын түрде ынталандырады.
Баласының темекі тартқанын қаламайтын ата-ана
алдымен өздері темекі тартпауы керек. Қолындағы те-
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
28