Т
емекі шегетін адамның күнделікті темекіге
жұмсайтын ақшасы мен темекі шегуге кететін ал-
тын уақыттарын, мұнымен қоса, шылымқорлық арқылы
тапқан түрлі аурулардан айығу үшін жұмсайтын
медициналық шығындарын есептегенде, осы бір індетті
нағыз ысырапқорлық деп айтуға әбден болады. Мәселен,
күніне орташа 200 теңгенің темекісін тартқан жан айы-
на 6 мың теңгенің, ал жылына 72 мың теңгенің көк
түтінін будақтатады екен. Орташа 40 жыл шылым шек-
кен жанның темекіге жұмсайтын ақшасы – 2 миллион 880
мың теңгені құрайды. Ал енді шылымқорлықтан тапқан
түрлі дерттерден емделу үшін жұмсайтын шығындарын
есептегенде, жоғарыдағы санның еселеп ұлғаятыны айт-
паса да түсінікті болар.
Бір тал темекі шегуге 5 минут уақыт кетеді делік.
Күніне 20 тал темекі шегетін адамның 1 сағат 40 минуты
темекі шегуге кетеді екен. Сонда шамамен 40 жыл шы-
лым тартқан жанның 2 жыл 7 айы темекі шегумен зая боп
өткен ғұмыр болады екен. Құран Кәрімде Аллаһ тағала
«Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер!» («Ағраф»
сүресі, 31-аят) – деген болса, енді бір аятта «Ысырап
етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал
шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші» («Исра»
сүресі, 27-аят) – деп, ысырап етудің күнә екендігін, тіп-
ті Жаратушының қарғысына ұшыраған шайтанға бауыр
ететіндей жаман әдет екендігін білдіреді.
Темекі шегу –
ысырапқорлықтың
нышаны
26