ретінде мутация тудырады. Мұндай кері әсер, әсіресе
бала біту мен оның дамуы кезінде қатты байқалады. Ро210
болашақта баланың дене бітіміндегі ауытқушылыққа,
кем-тар болып қалуына басты себепкер болады.
Темекі шегу ерлердің де жыныстық функциялары-
ның қалыпты жұмысын бұзып, қапыда қалдырады.
Темекі шегу ерлер арасында түтікше ауруларын туды-
рады. Темекі шегетін еркектердің түтікше ауруларымен
ауыру ықтималдығы шылым тартпайтын ерлермен
салыстырғанда екі есеге көп болады. Ең негізгісі, ни-
котин қанға сіңгеннен кейін тірі сперматозоидтардың
санын азайтады. Андрологиялық зерттеулер нәтижесіне
сүйенер болсақ, темекі шегетін еркектің спермасындағы
тірі сперматозойдтардың азаю көрсеткіші төмендегідей:
- күніне 10-30 темекі кезінде - 40%-ға;
- күніне 40 темекіден артық кезде - 46%-ға;
- темекі шегу уақыты 10 жыл болса - 31%-ға;
- темекішегууақыты10жылданартықболса -64%-ға;
дейін тірі сперматозоидтардың саны азаяды. Сәби сүйгісі
келген еркектің спермасында тірі сперматозоидтардың
мөлшері 60-65%-дан кем болмауы керек. Ал тірі
сперматозойдтардың саны 30-40%-ға төмендегенде, бала
біту мүмкіндігі жоқ десе де болады. Мұнымен қоса, темекі
шегу, әсіресе ұзақ шегу еркектің ерте уақытта белсіздікке
ұшырауына, жыныстық қатынасқа деген салқындықтың
ерте жастан пайда болуына сеп болады.
Темекі шегуді тастаған еркектердің жыныстық
функцияларының қайта қалпына келу үдерісі өте баяу
болса да, қайта қалпына келу мүмкіндігі бар. Ал әйелдер
темекіні тастап, денсаулығын қайта қалпына келтірген
күннің өзінде жатырдағы жұмыртқалық жасушаларында
жиналатын полонийден толықтай арыла алмайды.
23
Апатқа апарар үш індет
ТЕМЕКІ