Previous Page  25 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 152 Next Page
Page Background

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ

25

Қазақстан да бар. Олар қазір бізде өте агрессияшыл

экономикалық бағыт ұстанып отыр», – деп, еліміздегі те-

мекі өндірісі туралы баяндама жасаған болатын.

Атап өтер жайт, Қазақстанда 8 компания темекі

өнімдерін шығарумен айналысады екен. Бұл компания-

лар жылына 18 миллиард дана шылым шығарады. Ал 3

миллиард дана темекі елімізге сырттан тасымалданады.

Ресми мәліметтер бойынша, 15,7 млн.-нан астам халқы

бар Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам шылымқорлық

салдарынан туындаған аурулардан көз жұмады екен.

Шылым шегу жөніндегі өзекті мәселе «Халық

денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасында өзінің

көрінісін тапты. Бүгінгі таңда Қазақстанда ерлер ара-

сында шылым шегетіндердің пайыздық өлшемі 42 %-ды

құрайдыжәне онкологиялық аурулардың көбеюі де осыған

байланысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің мәліметтері бойынша, онкологиялық ау-

рулар (олардың қатарында – туберкулез) жүрек-қан тамыр

аурулары мен жарақаттардан кейін үшінші орында тұр.

Елімізде темекіге қарсы заң қабылданғанына

қарамастан, қоғамдық орындарда, білім ордаларында

түтін будақтатуға тыйым саламыз деген мақсат әлі орын-

далмай келеді.