Темекі шегу белсіздік пен
бедеулікке жол ашады
Е
рлер мен әйелдердің жыныстық функцияларына
темекі шегудің кері салдарына айрықша тоқталуға
болады.
Темекі шегудің зияны ерлерге қарағанда әйелдерде
көбірек байқалады. Себебі темекі, ұрпақ дүниеге әкелетін
әйелдің жыныстық организмінің негізгі функциясын
бұзады. Медициналық статистикаға жүгінсек, ерлерде
де, әйелдерде де дәл осы темекі шегу салдарынан жыныс
мүшелерінің функциясы орасан зардап шегіп, белсіздік,
жыныстық қатынасқа деген салқындық орын алады.
Әйелдердің жатыр мүшесінің қызметі нашарлап, түсіктер,
мерзімінен бұрын туу сияқты ауруларға тікелей сеп бола-
ды. Сондай-ақ баланың өлі боп дүниеге келу қаупі 20-30
пайызға артады.
Темекі шегу әйелдердің жұмыртқалық жасу-
ша қалыптастыру функциясын бүлдіреді. Темекі
құрамындағы улы заттар іштегі нәресте үшін аса қауіпті.
Темекі құрамындағы аса зиянды полоний элементі (Ро210)
дәл осы ана жатырындағы жұмыртқалық жасушаларда
жиналады, сонан соң мутагенді қасиеттерінің арқасында
(жартылай ыдырау мерзімі 200 жыл) токсиндік улы зат
22