Previous Page  18 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 152 Next Page
Page Background

Дәріге қарсы иммунитет.

Темекі тартатын адамдар

дәрінің әсерін алу үшін белгілі мөлшерден көбірек дәрі

қолданулары керек.

Құлақ инфекциялары.

Темекі тартатын адамдардың

балаларының құлақ қабыну ауруына шалдығу қаупі өте

жоғары.

Эмфисема ауруы.

Өкпедегі алвеольдердің уақыт өте

келе серпінділігі жойылып, тыныс алу қиындайды және

ауру адам тыныс алу машинасымен ғана өмір сүре ала-

тын болады. Бұл ауруға шалдыққандардың 85 пайызы

темекінің кесірінен болады.

Асқазандағы қатерлі ісік (рак) ауруы.

Темекі тар-

татын адамдардың асқазан және ішектегі қатерлі ісік

ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтын адамдарға

қарағанда 2 есе көп.

Жүрек аурулары.

Темекі тартатын адамдардың

жүрек ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтындарға

қарағанда 4 есе көп.

Бедеулік.

Жұбайлардың біреуінің ғана темекі тартуы

бедеулік қаупін 3 есе арттырады.

Гангрена.

Өкпе қызметін дұрыс артқара алмаған-

дықтан, денеге оттегі аз таралады. Адамның денесі осы

аз мөлшердегі оттегіні басқа ағзаларға таратуға мәжбүр.

Сондықтан жүректен алыс орналасқан саусақтың ұшы-

нан бастап жасушалар өле бастайды. Көбіне қол мен

аяқтар гангрена болады.

Бауырдың қабынуы.

Бұл аурудың 80 пайызы темекі-

ден болады.

Кеңірдектегі қатерлі ісік.

Күніне 25 дана те-

мекі тартсаңыз, кеңірдекте қатерлі ісіктің (рак) пайда

болуының ықтималы 30 есе көбейеді. Бұл алдымен

сөйлеуге қиындық туғыза бастайды да, соңында толық

сөйлей алмайтын жағдайға дейін апарады.

ТЕМЕКІ

Апатқа апарар үш індет

18