11. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың өлі ту-
уына себеп болады.
12. Темекіге тәуелділік нашаға тәуелділіктен де қатерлі.
Медицина ғылымының докторы Л.В. Орловскийдің
баяндауынша, темекі шегетіндер стенокардиямен 13 есе,
миокард инфарктымен 12 есе және асқазан жарасымен 10
есе жиі ауырады.
Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының
(әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы – эндартеритпен ауырады.
Темекі
тартатындар
темекі
тартпайтындарға
қарағанда жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі, өкпе рагі-
мен жиі ауырады. Күніне 10-12 тал сигарет шегетіндер
темекі шекпейтіндермен салыстырғанда өкпе рагімен
15 есе, ал күніне 2 қорап темекі шегетіндер 30 есе жиі
сырқаттанады.
Темекіге байланысты мынадай қайғылы оқиғалар
болған: Бірде темекі түтінінен емшек жасындағы бала ула-
нып өлген. Енді бірде әкесінің темекі шегетін мүштігімен
су ішкен үш жасар бала іле қайтыс болған.
Темекі
тартатындардың
балалары
әлжуаз,
күйгелек болып өседі. Жиі ауырады, ерте шетінейді.
Шылымқорлардың әйелдері басқаларға қарағанда тубер-
кулезбен 4 есе көп ауырады. Одан аман қалғандары темекі
тартпайтындардың әйелдерінен 4 жыл аз өмір сүреді.
Темекінің адам өміріне төндіретін көптеген зияны күн
өткен сайын ғылыми тұрғыдан дәлелденуде. Дәрігерлер
тілімен айтқанда «баяу өлім» деп аталатын ажал түрлері
бар. Солардың бірі – темекі. Денең мен санаңды баяу
түрде білдіртпей улайтын, түбіңе жетпей қоймайтын
түрлі дерттердің түп атасы осы. Құранда: «Өздеріңді өз
қолдарыңмен қатерге итермеңдер!» («Бақара» сүресі, 195-
аят.) десе, енді бір аятта «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!»
(«Ниса» сүресі, 29-аят.) – делінген.
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
16