Previous Page  15 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 152 Next Page
Page Background

Қан айналымы жүйесіне зияны

1. Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан қысымын

көтереді.

2. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена (тән

тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, со-

дан қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып

қалады.

3. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, клеткалары

өледі (орнына келмейді). Сол себепті адамның есте

сақтау қабілеті азаяды.

4. Осындай сырқаттардың салдарынан адам жүрек ауру-

ларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек

ұстамасы) шалдығады. Осы аурумен өлетіндер саны

темекі тартпайтындардан он есе артық.

Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және өзге

де зияндары

1. Адамның есте сақтау қабілетін азайтады.

2. Көңілсіздікке душар етеді.

3. Ұйқыны бұзады.

4. Темекі адамды тез қартайтады.

5. Теріге көп әжім түсіреді.

6. Шылымқорлық – еркектер арасындағы белсіздіктің

ең басты себебі.

7. Темекі тартқандардың төңірегінде темекі тартпайтын-

дар да уланып, мазасызданады.

8. Темекі өрттің шығуына да себепші (үй, орман өрті).

9. Темекі тартатындардың өмірі 10-15 жылға қысқарады.

Темекі шекпесе де оның айналасында жүретіндердің

өмірі 5 жылға азаяды.

10. Темекі тарту адам өмірін қысқартып қана қоймай,

оның қалған жылдарын аурумен, азаппен өткізуіне

себеп болады.

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ

15