Previous Page  12 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 152 Next Page
Page Background

Темекі орыс рулеткасынан да қауіпті

Т

үркиядағы Хажеттепе университеті Медицина

факультеті оқытушысы профессор Назми Би-

лир «Темекіден өлу ықтималы орыс рулеткасынан өлу

ықтималынан көп» екенін алға тартады. Профессор Би-

лир рулеткада өлім ықтималының алтыда бір, темекіде

болса алтыда үш екенін атап көрсетті. Егер жарнамалық

тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына

дейiн 1 млрд. пенде темекiнiң құрбанына айналады. Те-

мекi – адамдардың өлiмiне себеп бола тұра, заң жүзiнде

тұтынуға рұқсат етiлген әлемдегi жалғыз өнiм. Езуiне

шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең

жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледi екен. Темекі тар-

татын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет,

жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам

өмір бойына орташа 2 млн. рет темекі тартады деседі.

Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100

адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

ТЕМЕКІ

12