статистикалық мәліметтерге қарап шықсаңыз, бұл сөздің
негізсіз еместігіне көз жеткізесіз.
Қатерлі ісік (рак) ауруларынан қаза болған әр 100
адамның 90-ы шылым шегетіндер екен.
Темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4
есе улы.
Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның
өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады.
Медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, көп
кешікпей темекі бүкіл жер бетінің 10 пайыз тұрғындарын
о дүниеге аттандырады.
Түтінді әржұтқансайынадамөмірі қысқаратүсетіндігі
ғылымда дәлелденген.
Дүние жүзі ғалымдары бір ауыздан қорытындыға
келген; өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым
шегетіндердің үлесіне тиеді.
Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шек-
се, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге
қарағанда 10-15 есе артады.
Тек бір тал темекі шеккен адам ағзасында никотиннің
зардабымен бүйрек үстіндегі бездерден бөлінетін арде-
намен және норадренамен деп аталатын гармондардың
жұмысы бұзылады.
Туберкулезбен ауырған ересек 100 адамның 95-і ұзақ
уақыт темекі тартқандар.
Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық
тәбетсіздіктің басты себептерінің бірі – никотин.
Темекі түтініндегі ең көп заттар – шайыр (смола), көмір
тотығы, кансерогендік заттар және иондалған қорғасын.
Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес
адам темекі кесірінен көз жұмады.
АҚШ-та темекі салдарынан өлген адамдар саны
төрт соғыста; яғни, I, II дүниежүзілік соғыста, Корея
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
8