Previous Page  7 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 152 Next Page
Page Background

Ә

лемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50

мыңнан астам кітап басылып шыққан. Жыл

сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн.

адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын

25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал

құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға бола-

ды. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін

көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының

(ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн.

адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33

пайызға өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда

таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне

жетуі мүмкін. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп,

үркіту үшін емес, нақтыфакт негізіндежасалып отыр. Егер

жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса,

ғасыр соңына дейiн жер бетінде 1 млрд. пенде темекiнiң

құрбанына айналады. Ал шылым шегетiндердiң 95 пайы-

зы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұрынады. ДДСҰ мәлiметiне

сүйенсек, Жер шарындағы 2 миллиард жасөспiрiмнің са-

насы никотинмен уланған.

Америкалық бір ғалымның темекінің адамзатқа қауіп-

тілігін атом бомбасымен салыстырғаны бар. Төмендегі

Әрбір 13 секундта бір адам

темекінің құрбаны

7