Алайда адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс
жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім»
арқылы өз түбіне өзі жетеді.
Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70-тен 300-
ге дейін жетеді. Алайда темекі шегу кезінде улы заттар
одан сайын арта түседі. Өйткені темекі тұтатылғанда, тем-
пература 600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа
улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің
құрамындағы улы заттар саны 4 мыңға дейін көбейеді.
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс
жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы
адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды. Сілекей арқылы
жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп,
ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал
жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы
миға жетеді, әуелі оның жүйке клеткаларын (нейрондар-
ды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды. Никотин
түтін арқылы тыныс жолдарымен өтетіндіктен, темекі
түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды, ісіндіріп,
қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам
ағзасына таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп,
қан айналымы қиындағаннан ми, жүрек, басқа органдар
«қорексіз» қалады. Көк түтiннiң салдарынан адамның
бүкiл қан тамырлары жиырылып, қан алмасу қиындайды.
Жүрекке үлкен ауыртпалық түсетіндіктен, жүрек талма-
сына алып келедi. Миға баратын қан мөлшерi азайып,
ол өз күшiнде жұмыс iстей алмайды. Барлық ағзаларға
оттегi жетiспегендiктен, бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-
қол қақсайды. Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан
түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
6