Шылымшы – өзін-өзі көрге тығушы
Д
үниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ)
темекі тартуды эпидемия ретінде бағалауда.
Ұйымның бұл бағалауы 30 жылдық уақыттың ішінде
жасалған ірі көлемдегі 8 зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.
Бұл зерттеулерде 2 миллионға жуық сырқат пен 290 мың
өлім себебі қарастырылған. Аталған зерттеу нәтижелеріне
сүйене отырып, дәрігер-мамандар темекінің адам ағзасына
зиянын төмендегідей топтарға бөліп қарастырады:
Ас қорыту жүйесіне зияны
1. Дәмге деген тәбетті қашырады.
2. Ас қорытуды нашарлатады.
3. Асқазанда жара пайда болады.
4. Ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік (раг) ауруына жол
ашады.
5. Тамақ бойға дұрыс сіңбейді.
Тыныс алу жүйесіне зияны
1. Өкпе мен көмекейді қатерлі ісік ауруына ұшыратады.
Осы тектес аурулардың 90 пайызының себебі – те-
мекіден екені дәлелденген.
2. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.
3. Жөтел және қақырық пайда болады.
4. Тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды.
ТЕМЕКІ
13