тастаудың 80 пайызына темекі себеп бо-
лады. Бір шылымқор төрт түйір шылым
шеккенде, қасындағы бейкүнә баласы мен
әйелі бір түйір темекі «тартқандай» ула-
нады. Тұтанған темекі құрамында улы
заттардың 25 пайызы жанып кетсе, 25
пайызы шылымқордың, қалған 50 пайызы
айналасындағылардың үлесіне тиеді.
Темекі екіқабат әйелдерге өте зиянды. Шылым-
қорлықтың салдарынан сырқат, тіпті өлі сәби туу, түсік
тастау оқиғалары көп кездеседі. Бала емізетін әйелдер
темекі тартса, никотин емшек сүтіне араласып, соның
салдарынан сәби уланып туберкулез, өкпе сырқаттарына
шалдығады, мазасыз күй кешеді.
Мәселен, отбасында бір адам темекі тартса, үйдегі
балалардың денсаулығына 68,4 пайыз, ал екі адам
түтіндетсе 83,8 пайыз зиян келтіреді. Ал, үш адам шылым
шегетін болса, ол үйдегі балалардың денсаулығы туралы
әңгіме қозғамай-ақ қоюға болады.
Темекі шегу болашақ аналардың денсаулығына орны
толмас орасан үлкен қатер тудырады. Анасы никотин-
мен уланған баланың салмағы, темекі шекпейтіндерге
қарағанда, орташа есеппен алғанда 30-40%-ға кем бола-
ды. Балалардың аурушаңдық көрсеткіштеріне қарасақ,
шылым шекпейтін отбасыларында балалар аз ауырады,
олардың организмі әдеттегі ауруларға төзімдірек келеді.
Әйелдің жүктілік кезінде шылым
шегуі оның балаларында және немере-
лерінде генетикалық ауытқушылыққа
жол ашуы мүмкін.
Апатқа апарар үш індет
ТЕМЕКІ
21