Previous Page  27 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 152 Next Page
Page Background

«Мектепте 1728

балаға тестілеу

жасағанбыз.

Оның ішінде 82,4

пайызы 18 ге

дейін темекі шеге

бастаған. Оның

ішінде 18,3 пайызы

8-9 жасында

бастапты. Ал

қыздардың 33

пайызы темекі

тартады».

Жастар арасындағы

шылымқорлық індеті

(Болашақ жастарға, жастар те-

мекіге жат!)

Ж

астардың арасында те-

мекі тарту әдеті – өте

кең тараған қоғамдық індет.

Дамыған мемлекеттерде 12-17 жас

арасындағы әр бес жеткіншектің

біреуі темекінің құрбаны екендігі

анықталған. Ал біздің елімізде

бұл көрсеткіш тіптен жоғары. Те-

мекі тартатын жастар ішімдік

пен есірткі қолдануға өте бейім

болады. Өйткені темекі адамның

басқа жаман әдеттерге қарсы

тұру күшін әлсіретеді. Жалпы

темекіні алғаш рет тартқан адам

бірден ләззат ала қоймайды, тек

қайта-қайта қолданған кезде ғана

ләззат ала бастайды. Кейбіреулері

тек еліктеушіліктен ғана темекі

тарта бастайды, темекі тарту

арқылы есейіп, дербес екендігін

көрсеткілері келеді. Осылайша те-

мекіге тәуелді болып та үлгереді.

Статистикалық мәліметтерге

жүгінсек, темекi шегетiн жастар

арасында

асқазан

ауруына

шалдыққандар көптеп кездеседi.

27

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ