Дәрігер-мамандар шылымқорлықтан сауықтыру үшін
темекі шегетін адамға оның мінез-құлқын негізге ала
отырып, сауықтыру шарасын жүзеге асырады. Мәселен,
жүйкесі жұқалар, ерік-жігері мықтылар, жігерсіздер,
түтін құмарлар үшін сауықтыру тәсілдері де әрқилы бо-
лып келеді.
1. Жүйкесі жұқа адамдар үшін сауықтыру шараларының
құрамына көңіл-күйді тыныштандыратын дәрі-
дәрмектер кіреді. Оларға арақ-шарап ішуге тыйым
салынады.
2. Ерік-жігері мықтыларға «Енді қайтып темекі тарт-
паймын», – деп, шешім қабылдату арқылы темекіден
бас тартқызатын сауықтыру шарасы қолданылады.
Мұндай жандарға дәрігердің, әйелінің, ата-анасының
айтқан ақылымен, өтінішімен емес, өз ықтиярымен
темекіден бас тартуына мүмкіндік тудыру қажет.
3. Жігерсіз адамдар өз еркімен темекіні қоя
алмайтындықтан мұндай жандарға психотерапиялық,
психологиялық тұрғыда 1-2 жыл сауықтыру шара-
ларын қолдану қажет. Оларға гипноз қолданып, ем
жасауға да болады.
Дәрігер-мамандар
шылымқорларды
төмендегі
сауықтыру тәсілдерімен темекіден бас тартқызуға бола-
тынын алға тартады:
1. Іс-әрекеттің нәтижелі болатынына жан-жақты сендіре
отырып, емдік тәсілдер қолдану;
2. Ине салу, нүктелі (сылап-сипау), электрлі акупункту-
ра тәрізді рефлекстік терапия тәсілдеріне жүгіну;
3. Никотинді ауыстыратын, әйтпесе темекі тастаудың
ауыртпалығын жеңілдететін дәрі-дәрмекті пайдала-
ну.
31
Апатқа апарар үш індет
ТЕМЕКІ