Previous Page  37 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 152 Next Page
Page Background

кем болмауы тиiс. Сонымен қатар 2006 жылдың 1 шiл-

десiнен бастап 1 мың дана шылымға салынатын салық

жүгi 64 еуроға (10 370 теңге) теңгерiлдi. Бұл көрсеткiш

Қазақстанда 58 есе төмен. Бiзде арақ-шарап пен темекiдегi

акциздiң үлесi небары 2,03% немесе 2 337,0 млрд. теңгенiң

33,3 млрд. теңгесi ғана.

Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi

жөнiндегi ұлттық орталықтың бас директоры Қазбек

Төлебаев Үкiмет акциздiк мәселенi дұрыс жолға қойса,

темекi өндiрушiлердiң тұтынушыларға қаржылық,

психологиялық және денсаулыққа зиян тұрғысынан кел-

тiретiн шығындарын өндiрiп алуға болатынын айтады.

Сарапшылардың пiкiрiнше, бiр қорап темекiнiң

бағасын 10 пайызға жоғарылату дамыған елдердегi

шылым шекпейтiндердiң санын 4 пайызға, дамушы ел-

дерде 8 пайызға азайтады. Әзiрге темекiге қарсы күресте

Қазақстан ұтылып жүр. Былтыр халықаралық Gallup

компаниясы жүргiзген сауалнаманың “Соңғы бiр апта-

да шылым шектiңiз бе?” деген сұрағына бас изегендер

саны Кубада – 40%, Қазақстанда – 35%, Эстония, Латвия,

Әзiрбайжан, Индонезияда – 36%, Ресей мен Беларусьта

– 37%, Литвада – 34%, Аргентина мен Қытайда – 33%,

Украина мен Вьетнамда – 32%, Кипр, Мавритания мен

Словакияда – 31%, АҚШ-та – 24% болыпты. Ең төменгi

көрсеткiшНигерияның үлесiнде – 6%. Тағы бір айта кетер-

лік жайт «шылымқорлардың өмірі қысқа болатындықтан,

зейнеткерлік жасына жетушілер саны да азаяды, мұнан

мемлекет қыруар қаржы үнемдейді» дейтіндер де бар.

Бұл темекі компанияларының мүддесін көздеуден туған

көзқарастар. «Темекі шегу-шекпеу әркімнің өз еркінде»

деген пікір мүлдем қате. Өйткені, темекі шеккен адам

жанындағылардың да жазықсыздан – жазықсыз азап тар-

туына сеп болады.

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ

37