Әрине, мұндай азаматтық бастамалар мәселені түпкілікті
шеше алмаса да, қоғамда темекі індетіне қарсы күреске
серпін беретіні анық.
Осыдан екi-үш жыл бұрын заң шығарушы орган-
дар тарапынан қоғамдық орындарда темекi шегушiлерге
тыйым салу жөнiнде арнайы заң шығып, қабылданған
едi. Алайда әрбiр адамның мемлекет алдындағы бағынар
басты құжаты саналар заң қазiргi кезде тек қағаз жүзiнде
ғана қалып отыр. Яғни, кейбiр мемлекеттiк мекемелер
мен кафе-барларға, қымызханаларға және қоғамдық
орындарға бара қалсаңыз, көк түтiндi будақтатып отырған
көпшiлiктi көргенде, талай уақыттан берi талқылауда жа-
тып, қабылданған сәтiнде қоғамға қажетсiз саналар заң не
үшiн шығарылды деген сауал ойға оралады.
Шын мәнiнде, бүгiнгi күнi темекiнiң денсаулыққа зи-
янды екенiн жетi жасар баладан жетпістегі қарияға дейін
барша жұрт жақсы біледі. Тiптi шылым қорабында “шы-
лым шегу – сiздiң денсаулығыңызға өте зиянды, шылым
шегу – өлiмге алып келетiн аурулар туғызады” деген жазу
да бар. Қалай айтсақ та, ауруды өзiмiзге тiлеп алудамыз.
Яғни, темекiнiң зиянды екенiн бiлсек те тартамыз. Ал
аналардан құрылған ұйымның заңды қадағалаймыз де-
ген қауқары қаншалықты жемiс берерiн уақыт көрсетер.
Сондықтан бұл мәселеге тұтас қоғам болып жұмылу
қажет. Әрбір жанұядан бастап салауатты өмір салтын
насихаттауды кеңінен қолға алу қажет. Жастарды әуелі
жанұядан сонан соң мектеп қабырғасынан университет
аудиторияларына дейін барлық жерде салауатты өмір
салтына насихаттау қажет. Әрине, мұны әуелі ата-аналар,
мектеп пен университеттегі ұлт келешегінің ұстаздары
осынау жауапкершілікті сезінулері тиіс.
ТЕМЕКІ
Апатқа апарар үш індет
40