Previous Page  41 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 152 Next Page
Page Background

Имандылықтың

пәрменділігі

Қ

азір тәжірибеде меди-

циналық мекемелердің

ескертуі, дәрігерлердің кеңесі,

шылымқорларға қатаң айыппұл

салу, оларға жағымсыз жайттар

туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу немесе қоғамдық

ұйымдар арқылы темекіге қарсы күрес бағдарламалары

өте көп. Дегенмен темекіге қарсы күрестің аталған

тәсілдері пәрменді бола алмай отырғаны ащы шындық.

Аталған тәсілдер арқылы шылымқорлардың бестен бірі

ғана жаман әдетін түбегейлі қойып кету ықтималы бар

екен. Осы орайда айта кетер бір жайт, жүз пайыз нәтижеге

қол жеткізетін тағы бір тәсіл – «иман терапиясы». Яғни,

шылымқорлар барлығы имандылыққа бет бұру арқылы

темекіні ат құйрығын кесіп, тастап кететіндігі. Өйткені,

иманның темекіден де жаман әдет және асқынған ауру

түрі – араққұмарлықтан адамдарды айықтырғаны біз-

ге Ислам тарихынан мәлім. Бұл оқиға Пайғамбарымыз

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде болған еді. ОғанАллаһ

Тағаланың арақ ішуді харам еткені туралы («Мәидә»: 91)

аят түскен кезде, иманды жандар еш ойланбастан арақ ішу

індетін сап тиғаны белгілі. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі

АҚШ, Еуропалық Одақ секілді алпауыт елдердің өзі өз

қоғамдарын осынау індеттен арылта алмай шарасыздық

танытып отырғанын ескерсек, отандастарымыздың

бойына имандылық дарыту арқылы бұл мәселеге қарсы

күрестің екпінін арттыруға болар еді.

Апатқа апарар үш індет

ТЕМЕКІ

41