Previous Page  47 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 152 Next Page
Page Background

Ал Еуропада алкоголь ХІІІ ғасырдан бастап қолданыла

бастады. Этил спиртінің уытты әсерін зерттеуге

И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.П. Кравков, В.М. Бехтерев,

С.С.Корсаков сияқты физиологтар, фармакологтар мен

клиницистер үлкен үлес қосты.

Бір таңданатынжағдай әлемнің барлық елі алкогольдің

адам денсаулығы мен қоғам бақыты үшін үлкен індет

екенін біле тұра өндіруден бас тартпай отырғаны. Өйткені,

алкоголь өндірісі бүкіл дүние жүзінде ең табысты өндіріс

салаларының бірі деп есептеледі. Мәселен, Кеңес Одағы

ыдырап, еліміздің экономикалық жүйесі нарыққа қарай

қайта құрыла бастаған кезде, Қазақстанда барлық өндіріс

салалары құлдырады. Экономика астан-кестең болды. Де-

генмен осы жылдарда Қазақстанда екі өндіріс саласында

құлдырау болмаған. Бұлар: мұнай өндірісі мен алкоголь-

ді өнім өндіру салалары. Осыдан-ақ спиртті ішімдік

өндірісінің қаншалықты табысты сала екендігін аңғаруға

болады. Қазіргі таңда бірнеше мұсылман елінен басқа

әлемдегі барлық ел алкогольдің зиянын біле тұра, ішімдік

өндірісін белсенді түрде жалғастыруда. Тіптен экономи-

касы құлдырап өнім өндіруге қауқары жоқ елдердің өзі

басқаға шамасы жетпесе де арақ-шарап өндіруге шамасы

жетеді екен.

Алкогольдiң артынан ала келетiн әлеуметтiк iн-

деттерi орасан көп. Түрлi адам шошырлық аурулар мен

қылмыстардың да түп атасы – осы алкоголь. Алкогольдің

47