Доктор Анн Стрейгсгуздың жетекшілігінде Ва-
шингтон университеті мен Питсбург университетінің
мамандары бірлесе отырып, 700 жүкті әйелге тәжірибелік
зерттеу жасаған. Шыққан нәтиже жан түршігерлік. Зерт-
теу нәтижелері бойынша, аз мөлшерде болсын ішімдік
қолданған әйелдерден туған балалардың 89 пайызы
әлжуаз болады екен; 2.8 пайызы өсе келе психологиялық
ауруларға ұшырайды; 4.8 пайызы сөйлеу мүшелеріндегі
ақаулық салдарынан тілі кекеш күйде шығады; 5.8 пайы-
зы түрлі тері ауруларымен дүниеге келеді; 8.4 пайызының
есту қабілеті нашар болса, 11 пайызы көз жанарынан ерте
айырылады. 6.5 пайызының аяқ-қол саусақтары қисық; 7.5
пайызының жыныстық мүшелері кеміс күйде дүниеге ке-
леді; 9.3 пайызы жүрек ауруы, 12 пайызының бүйректері
дұрыс жұмыс істемейтін көрінеді. Жалпы дәрігерлердің
айтуына қарағанда, ішімдіктің зауалына тап болған
сәбилердің бойынан 850-ден астам түрлі дерттің іздері
табылған.
51
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ