Арақтың зияндары
Шарапты алдымен адам ішеді,
кейін шарап адамды ішеді
(жапон мақалы)
Д
үниежүзілік
денсаулық
сақтау ұйымының ұй-
ғарымы бойынша, жылына сегiз
литр алкоголь пайдаланған жан
дені сау адам деп есептелмейді.
Ал мұндай қоғамның болашағы бұлыңғыр деп айтуға
толық негіз бар. ҚР Санақ агенттігінің мәліметі бойын-
ша, Қазақстанда 2008 жылы 46 млн. литр арақ өндірілген.
Елімізде 162 арақ-шарап өндіруші өнеркәсіп бар, оның 30-
дан астамы ірі кәсіпорындар. Жылдық жалпы табысы
шамамен 50 млрд. теңгені құрайды. Қазақстан алкоголь
өндірушілері «КазАлкоголь» ассоциясының мәліметі
бойынша, Қазақстанда жан басына шаққанда жылына
20 литр спирттік ішімдік ішіледі. Соның ішінде 15 литрі
арақ. Жалпы Қазақстандықтардың 36 пайызы ақ арақты
белсенді түрде тұтынатын көрінеді. Еліміздегі жасы 12-
ден асқан азаматтардың тең жартысы аптасына кемінде
бір рет алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде тұтынады. Ал
Қазақстанның денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюд-
жет қаржысының 70-80 пайызы шылым мен алкогольді
өнімдерді тұтынатын, өз денсаулығына немқұрайды
қарап, түрлі ауруларға шалдыққан науқастарды ем-
деу үшін жұмсалады. Қазақстанда жыл сайынғы өлім
жағдайларының 10,9 пайызы алкогольдік өнімдер тұтыну
салдарынан болатын көрінеді.
50
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет