Кейде
алкоголь
«күш береді» дегенді
де есітуге болады. Олай
дейтін себебі спиртті
ішімдікті қолданғаннан
кейін жүйке жүйесі же-
дел қозады да, күштің
көбейіп, сенімділік пен
батылдықтың
артуына
ықпал еткендей жалған
сезім тудырады.
Жылыну үшін арақ
ішетін адамдарда болатын жылу сезімі де алдамшы.
Себебі бұл сезім қысқа мерзімге созылады және тез
жоғалады. Алкогольдің әсерінен терідегі қан тамырлары
жедел кеңейіп, жылудың көп бөлінуіне және организмнің
тез салқындауына жетелейді. Отбасындағы зорлық-
зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы
қатыгездіктің үштен бірі ата-аналарының маскүнемдігіне
байланысты. Өз кезегінде мұндай балаларда басқалармен
салыстырғанда зұлымдық пен арақты шектен тыс ішу-
ге бейімділік жиірек байқалады. Қайғылы оқиғалардың,
адам өлтірудің және өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы арақ
ішумен сабақтас. Жол-көлік оқиғаларында да алкогольдің
алар орыны ерекше. Қазақ даналығында айтылған “Ел
болам десең, бесігіңді түзе” дегендей, салауатты өмір
сүруді өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіретін алды-
мен ата-ана, содан соң қоғам мүшелері. Арақтан алыс
жүрген адамның – отбасы тыныш, ырысы халал, ұрпағы
аман, ақылы толық, иманы берік болары хақ. Ондай адам
тәуелсіздігін де қорғайды, халқын да сыйлайды, Аллаһтың
аманатын да ұмытпайды.
49
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ